2022 жылғы 28 қазанда Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Шахтинск квартеті» атты көрменің ашылуы өтті.

Шахтинск қаласындағы А.Исмаилова атындағы Балалар өнер мектебіндегі оқытушылық жұмыс біріктірген төрт суретші өз шығармашылығын.

Жұмабеков Жаңабек Қарағанды гуманитарлық колледжінің түлегі, республикалық және облыстық жас суретшілер конкурстарының қатысушысы және жүлдегері.

Нивиденская Елена Е.Бөкетов атындағы ҚарУ-ды бітірді, «Үздік дизайнер» және «Мастер-ART» байқауларының жүлдегері, сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің республикалық көрме-жәрмеңкелерінің қатысушысы.

Темірғалиев Еркін Қарағанды гуманитарлық колледжінің және Е.Бөкетов атындағы ҚарУ түлегі, облыстық, республикалық және халықаралық көркемсурет байқауларының бірнеше дүркін жүлдегері және лауреаты, Қарағанды СО жас суретшілер одағының мүшесі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, оның жұмыстары Қазақстан мен Латвия музейлерінде ұсынылған.

Сайгушева Наталья Е.Бөкетов атындағы ҚарУ-ды бітірген, облыстық суретшілер мен бейнелеу өнері педагогтары байқауларының қатысушысы және жүлдегері.

Көрермендер киіз басу, жүнмен сурет салу, компьютерлік графика, линогравюра сияқты әр түрлі жанр мен техникада жасалған 50 – ден астам туындыларды тамашалады.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.