2022 жылғы 25 қарашада «Түйісу» атты суретшілер көрмесінің ашылуы өтті.

Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша қала суретшілері шығармашылық жылын көрмемен аяқтап, жаңа туындыларын көрсетті.

Биылғы жылы ҚР Суретшілер одағының мүшелері Асқаров Қ., Болюх А., Болюх Н., ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі Мұстафина Х., сондай-ақ Аманжолов Б., Малецкая Е., Малярова Г., Пильтихин Ю., Сатаев И., Садовский, Трушкова А. Сияқты танымал  теміртаулық суретшілер қатарына, қалалық көрмеге алғаш рет қатысып отырған Дүйсенбаева А., Николаева Е. қосылды.

Ғ. Жұбанова атындағы Өнер мектебінің оқытушылары да өз жұмыстарын ұсынды: Амантай А., Богза Е., Градова Э., Карягина Е., Пашкова-Коннор Н., Пак И., Ержанова В., Соловьева С., Сотник А.

Көрме әр түрлі жанрлармен және орындау техникасымен ерекшеленеді. Классикалық, дәстүрлі шығармалардан бастап, А.Балицевич орындаған заманауи абстракциялық жұмыстарға дейін.

Табиғи ландшафт пен натюрморт әсіресе кеңінен ұсынылған. Көрермендерді керемет графикалық суреттер, линогравюралар және акрил құю техникасында жасалған суреттер қуантты.

Көрмеде сәндік - қолданбалы өнер туындылары – «Восток» қалалық мәдениет және демалыс саябағының шығармашылық тобы жасаған ағаш мүсіндер, Е.Тимершайхованың авторлық жұмсақ ойыншықтары, сондай-ақ кәсіби суретші Н. Болюхтың шағын формалардағы мүсіні қойылған.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.