2023 жылғы 23 қаңтарда «Robotime» экспозициясының ашылуы өтті.

Роботтардың арғы атасы деп атауға болатын алғашқы механикалық құрылғылар ежелгі әлемде (ұшатын ағаш көгершін, қол сермейтін мүсін және т.б.) жасалған. Бірақ робототехникадағы керемет жетістіктерге 20 ғасырда қол жеткізілді. Жетілдірілген алғашқы роботты 1954 жылы өз бетімен үйренген өнертапқыш Джордж Девол жасады, және соның арқасында Дженерал Моторстың қызметкері атанды.  Бүгінгі таңда әрбір музей өз жинағында осындай роботтардың біріне ие болуға қуанышты болар еді, бірақ, өкінішке орай, мұндай мүмкіндік жоқ. Оларды келушілерге көрсету мүмкін емес. Біз бұл мәселені басқа жолмен шешіп, осы саланың заманауи жетістіктері арқылы робототехника туралы баяндадық. Бұл мәселеде бізге Теміртау қаласы мен Қарағанды қаласында жұмыс істейтін Робототехника және RoboClub бағдарламалау мектебінің басшылары, педагогтары мен оқушылары көмектесті.

Экспозицияны құру үшін Lego конструкторларының бөлшектерін қолдана отырып, Ardunio контроллері негізінде жасалған 7 жұмыс істейтін робот моделі ұсынылды. Ұсынылған роботтардың әрқайсысы робототехника бойынша республикалық немесе халықаралық жарыстарға қатысушы болып табылады.

Экспозицияны ашу барысында қонақтар робототехника тарихымен танысты, ал RoboClub мектебінің оқушылары мен педагогтары Қарағанды облысында осы саланың дамуы туралы, өздерінің жетістіктері мен шеберлік құпиялары туралы айтып, өз өнертабыстарының нәтижесін көрсетті.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.