2022 жылдың 26 қаңтарда «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде Теміртау тарихи-өлкетану музейінің 50 жылдығына арналған «Алғашқы жәдігер» атты экспозиция ашылуы өтті.

Қалалық музейді құру идеясы алғаш рет 1969 жылғы 25 қаңтарда шыққан «Теміртау жұмысшысы» газетінің беттерінен айтылды. 1971 жылдың қаңтарында қала мемлекеттік марапат - Еңбек Қызыл Ту орденіне ие болды, ал Теміртау тарихын сақтау тұрғындар үшін абыройлы іс болды.

1972 жылғы 10 ақпанда Қазақстан КП қалалық комитеті бюросының және еңбекшілер депутаттары қалалық Кеңесінің Атқарушы комитетінің «Теміртау қаласының тарихы музейін ашу туралы» № 54/3 қаулысы - тағдыршешті құжат қабылданды.

Сауда орталығына айналуы тиіс 4-ші шағын аудандағы жаңадан салынған ғимарат қалалық тарихи-өлкетану музейіне жалға берілді. Қызметкерлер құрамы 3 адамнан тұрды: директоры Вострова Тамара Яковлевна, экскурсия жүргізуші Щербина Лидия Петровна және ғылыми қызметкер Кириллова Любовь Васильевна.

Музей қызметкерлері бір жыл бойы жәдігерлер жинады. Қала кәсіпорындары көрмеге арналған витриналар мен макеттер жасады.

Алғашқы жәдігер 1972 жылы 28 қарашада қорға келіп түсті. Бұл күні әуесқой киностудияның басшысы Матте Николай Александрович және тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Щербина Лидия Петровна 2 бөлімнен тұратын «Біздің Магнитка» әуесқойлық фильмінің көшірмесін тұрақты пайдалануға беру туралы №1 қабылдау-тапсыру актісіне қол қойды.

1973 жылы 6 қарашада қалалық тарихи-өлкетану музейі келушілерге алғаш рет есігін айқара ашты, 50 жыл бойы бұл есік қайта жабылмады.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.