2023 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество Өкілдігінің қолдауымен Сталинградты азат етудің 80 жылдығына арналған «Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста» атты фотосуреттер көрмесі ашылды.

Көрменің мақсаты - Сталинград үшін шайқаста қазақстандық жауынгерлер туралы баяндайтын бірегей мұрағаттық фотосуреттер мен құжаттарды көрерменге көрнекі түрде көрсету мүмкіндігі.

Олар планшет форматында жасалған және көпшілікке қол жетімді болды.

Көрме «Мәдениет арқылы сұхбат» халықаралық жобасы аясында «Сталинград шайқасы» Музей-қорығының (Волгоград қ.) ресейлік мамандары мұқият жинаған материалдарға негізделген. Көрме алғаш рет ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасында (Астана қ.) көрсетілді.

Көрме материалдары 1942 жылдың 17 шілдесінен 1943 жылдың 2 ақпанына дейін өткен Ұлы Отан соғысының қанды шайқастарының бірінің тарихымен таныстырды. Сталинград маңында 500 мыңға жуық адам қаза тапты, оның ішінде қазақстандықтар да бар.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.