2003 жылдың 1 наурызында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Алғыс айту күніне орайластырылған, Қарағанды облыстық өнер музейімен ұсынылған «Мәңгілік өнер» көрмесінің ашылуы өтті.

Көрме облыс музейлерінің арасындағы алмасу көрмелері аясында ұйымдастырылған.

Отыз кенеп және отыз түрлі суретші. Барлығын бір факт біріктіреді. Тағдырдың қалауымен Қазақстан олар үшін екінші Отанға айналды. Әрқайсының өз жолы бар. Павел Андреюк сияқты тәлкіленген отбасынан, енді біреулері ұлттық негізде сенімсіз деп жер аударылды - Алексей Цой, ал біреулері бап бойынша халық жауы ретінде сотталып, жер аударылуға жіберілді – Саркис Саносян, Дмитрий Крейн. Белгілі бір уақыт аралығында Қазақстанға көшіп, осында мәңгі қалғандар да бар. Олардың барлығы өз орнын тауып, суретші атанды. Көбісі суретшілер Одағының мүшесі болды және ел өнерінің игілігі үшін жемісті жұмыс істеді және жұмысын жалғастыруда.

Көрмеге қойылған туындылар өткен ғасырдың 50-ші жылдарының ортасынан бастап әртүрлі уақыт кезеңдеріне жатады. Бұл түрлі-түсті натюрморттар, өнеркәсіптік және табиғи көріністер, портреттер, спектакльдердің эскиздері. Кескіндемеден, акварельден басқа мұнда ою, линогравюра, автолитография, декупаж техникасында жасалған жұмыстарды көруге болады.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.