2023 жылдың 3 наурызында «Әйелдер әлемі» жобасы аясында Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған «Әйел тағдырының өрімдері» инсталляциясы ашылды.

Инсталляцияда төрт қала тұрғыны ұсынылды: дәрігер-терапевт О. А. Маловичко; суретші, Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқытушысы Шпилевая Н. М.; ақын, журналист Алдашева Р. Ж.; журналист Волгина О. А.

Экспозицияда әйел кейіпкерлері мен тағдырлары екі қырынан ұсынылған: бір жағынан – Теміртаудың белгілі кәсіби мамандары, , екінші жағынан – өз мүдделері, хоббиі және нәзік жандарға тән әлсіздіктері бар қарапайым әйелдер. Әйелдер тағдырының барлық қырыны жіп сияқты Теміртау қ. тағдырымен өріліп жатыр.

Ақпараттық планшеттерде экспозиция кейіпкерлерінің фотосуреттері мен грамоталары орналастырылған, әр блоктың үстінде өзара өрімделген жіптер, ал бұл жіптерде көрмеге қатысушылардың бала кездегі суреттері, сүйікті ойыншықтарының, сүйікті актерлерінің фотосуреттері және т.б.

Маловичко Ольга Анатольевна

Дәрігер-терапевт. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Теміртау қаласы әкімінің «Жан қалауы» сыйлығының лауреаты (2015 ж.), DMED (Даму-мед кешенді медициналық ақпараттық жүйесі) ҚМИС нұсқасы бойынша Теміртау қаласындағы үздік дәрігер-терапевт атанды.

Шпилевая - Коннор Наталья Михайловна

Суретші, Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқытушысы. Теміртау «Т-Арт» суретшілер клубының мүшесі, қалалық көрмелердің бірнеше дүркін қатысушысы.

Алдашева Руза Жақыпқызы

Ақын, журналист. Теміртау мәдениет сарайының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі, бірнеше поэтикалық жинақтардың авторы. «Үздік мәдениет қызметкері-2021» республикалық онлайн байқауының жеңімпазы.

Волгина (Матвиенко) Оксана Андреевна

«Вечерняя газета» газетінің журналисі, ақын, әдеби редактор, ән мәтіндері мен фильм сценарийлерінің авторы. ҚР Журналистер одағының мүшесі. Теміртау қаласы әкімінің «Самғау» сыйлығының (2022ж.), Қарағанды облысы әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығының (2022 ж.) лауреаты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.