deti-nezavisimosti-112 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арнайы «Тәуелсіздік балғындары» атты іс-шара өткізілді. Бұл әр түрлі облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға, олимпиадаларға  қатысып, қаламыздың атын шығарып жүрген өте дарынды балғындар.

Олардың жетістіктері түрлі салаларды қамтиды – спорт, музыка, білім, ән айту, көркем өнер шығармашылығы. Іс-шараға олар өздерінің ата-аналары, оқытушылары, жаттықтырушылары, достарымен шақырылды.

Дарынды балғындар өздерінің жетістіктері туралы айтып қана қойған жоқ, сонымен қатар олар өз өнерлерін көрсетіп, шын мәнінде дарынды екендерін дәлелдеді.

Даниленко Егор, Шәшім Аружан -  Халықаралық пианистер конкурсының дипломанттары, әрі жеңімпаздары – өздерінің сүйікті шығармаларын орындады.

Анна Харченко – таеквондодан халықаралық турнирдің жүлдегері – жаттықтыру сәтін көрсетті. Бегулова Адина – жеке дауыста халықаралық сайыстың жеңімпазы – әсем ән сыйлады.

Доронкина Диана, Назарова Яна – акробатикалық композиция көрсетті.

Жас суретшілер  Лотц Дарья және Асылбекова Ақмарал – халықаралық, республикалық сайыстардың жүлдегерлері, қонақтардың назарына өз суреттерін ұсынды.

deti-nezavisimosti-2 deti-nezavisimosti-3

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.