Қазақстан Республикасы 1991 жылы өзін Тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Өткен 20-жылдың ішінде Қазақстанның өндіріс орталығы - Теміртау қаласында және елімізде өмір түбегейлі өзгерді. 

Экспозиция орталығында залдың екі негізгі бөлімдерін біріктіретін, Қазақстан Республикасының рәміздері – ту, елтаңба және әнұран орналасқан.

Экспозицияның бірінші бөлімі еңбек жолын Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургиялық комбинатының домен цехында бастаған, Тәуелсіз Қазақстанның басшысы, Республикамыздың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған.

Бүгінгі күнде Теміртау елбасының ерекше ықыласын сезінуде. Президенттің бастамасымен, мемлекеттік бағдарламалар жүзінде қаламызда әлеуметтік объектілер ашылып жатыр: балабақшалар, мектептер, ауруханалар; Теміртау көшелерінің, стадиондарының, театрларының келбеттері заманға сай жаңалануда. Өндірістің : металлургиялық, химиялық, энергетикалық, құрылыс салаларын қамтитын қаламыздың өнеркәсіп негізі де қүшейіп келеді. Бұл өнеркәсіптердің өнім үлгілері экспозицияның екінші бөлімінде көрсетілген.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.