IMG 619119 мамыр сағат 16.00 – де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында ҚО ББ «Тілге ауыр зақым алған балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ оқушыларының «Менің Қазақстаным» атты көрмесі ашылды.

Көрермендер балалар өз қолдарымен жасаған сан алуан түрлі жұмыстарды тамашалады, олар: табиғи құралдан, моншақтан жасалған бұйымдар, тұзды қамырдан жасалған, киізден бастырылған бұйымдар, майлы бояумен жазылған суреттер, көрермендердің ерекше назарына ілінген Астананың архитектуралық нышандарының бірі «Байтеректің» үлгісі.

Көрменің ашылуына «Айналайын» балалар үйінің оқушылары мен қала суретшілері қатысты. Көрменің ашылуына келген қоңақтар ҚО ББ «Тілге ауыр зақым алған балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ оқушыларының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Жұмыстары көрмеге қойылған оқушыларды мұражай әкімшілігі мадақтау қағазбен марапаттады.

 

IMG 6180 IMG 6180

IMG 6180 IMG 6180

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.