IMG 67224 маусым сағат 16.00де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Биік шыңды бағындыру» атты Ромашкин Шикап Кадыровичтың жеке суреттер көрмесі ашылды.

Ромашкин Шикап Кадырович қаламызда туризммен әуестенетін адам ретінде танымал. «ҚР Туризм бойынша еңбек сіңірген нұсқаушысы» атағымен марапатталған. Тянь-Шань, Памир, Кавказ, Картат тауларын бағындырған. Ол бұрынғы СССР құрамындағы көптеген мемлекеттерде болған. Әрқашан өзімен бірге фотоаппаратын алып жүріп, таң қаларлық табиғат пейзаждарын суретке тұсірген.

Көрме қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында ашылды. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған, өйткені көрменің негізгі тақырыбы табиғат және адам. Көрмеде автордың 40-қа жуық ең жақсы жұмыстары көрсетілді. Ол тек цифрлік фотоаппаратпен ғана емес, сонымен қатар пленкалы фотоаппаратпен түсірілген жұмыстары бар. Көрме қонақтары әсем де әдемі кең байтақ табиғатты көрмедегі суреттерден ғана көріп қоймай, сонымен қатар метрлік банерлерденде тамашалады.
Көрмеге достары мен туысқандары, «Кореяна» корей ұлттық этномәдениеттік бірлестігі, «Магнит» әдеби бірлестігі, «Дружба народов» қазақ мәдени орталығы, қаламыздың зиялы қауымы келді. Көрменің салтанатты ашылуынан кейін қонақтар көрменің авторына арналған концертті тамашалады.

IMG 6623 IMG 6646

IMG 6696 IMG 6714

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.