6-8-2015 16 тамызда сағат 10.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған Теміртау қаласының Орталықтандырылған қалалық кітапханалар жүйесімен бірге ұйымдастырылған «Құлақтан кіріп бойды алар» атты экспозиция ашылды.

Экспозицияда ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы фотоматериалдар көрсетілді. Экспозицияның бірінші бөлімінде ақынның әдеби қызметі баяндалып, ақын туралы жазылған кітаптар, журналдар мен газет материалдары ұсынылды. Екінші бөлімде Абайдың еңбектері: өлеңдер жинағы, шығармалары мен поэмалары қойылды. Ең танымалы ақын, ойшыл, сазгер – Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын баяндайтың «Қара сөздері», қазақ және орыс тілдерінде келтірілген. Абай өмір сүрген дәуірге  ену үшін көрме қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін баяндайтын этнографиялық жәдігерлермен толықтырылған.


 6-8-2015 2 6-8-2015 3

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.