«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында, қала мектептерінің оқушылары үшін, музей білім беру бағдарламаларын ұсынады:

2017 жылдың 1 қыркүйегінен 15 қазанына дейін

бастауыш сынып оқушылары мен балабақша балалары үшін Қала күніне арналған  «Зере әжемнің әңгімелері» білім беру бағдарламасы 

 

Экскурсия мақсаты: әр түрлі кезеңдегі заттармен интерактивті сұхбат жасай отырып өлкетану негіздерімен танысу.

Өткізілуі: оқытудың интерактивті түрін қолдана отырып музейлік қуыршақтар театры.

Бағдарлама мазмұны:

Бағдарламаның білім беру мақсаты музейлік қуыршақтар театрының күшімен жеткізіледі. Қуыршақтар театрының кейіпкерлері сұхбат жүргізу және жәдігерлер арқылы Теміртау қаласының қалыптасуының негізгі кезеңдерін көрсетеді. 

Әрбір кезең әжеміздің басынан кешкен әңгімесімен толықтырылады, және де тарихи кезеңдегі заттарды қалай қолдану керек екендігін түсіндіріп үйретеді. Экскурсия жүргізуші қуыршақтар. Балалардың ой-өрісін кеңейтуге музейлік жәдігерлер көмектеседі. Олар ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың басында қолданыста болған рубельмен, көмір салып қыздырылатын және пеште қызатын шойын үтіктермен киім үтіктеп, патефонда музыка тыңдап, кірпіш қалап, домна пешінде істейтін көрікшінің киімін киіп көреді.  

2017 жылдың 12 қазанынан 30 қазанына дейін

  Діни келісім күніне арналған

 «Діни ғұрып заттары арқылы әлем діндерінің тарихын тану»

 экспозициясы

Мақсаты: Өмірдегі діни түсініктерді біліп, түсіну үшін, ойға қонарлықтай жеткілікті түрде діни ғұрып заттары арқылы әлем діндерінің тарихымен танысу. Қазақстанда қызметіне тыйым салынған экстремистік және ланкестік ұйымдар туралы балаларға айтып, түсіндіру.

Экскурсияның негізгі бағыттары: Религия дегеніміз не? – деген сұраққа жауап беру. Ислам, христиан, будда діндерінің басты парыздарын анықтау. Қазақстанда қызметіне тыйым салынған экстремистік және ланкестік ұйымдар туралы толығырақ таныстыру.

Жәдігерлер: «Теміртаудың діни ұйымдарының тарихы» атты уақытша экспозицияда 60-тан астам бірегей жәдігерлер қолданылады. Олар ХVIII-ХХ ғасырдан біздің бүгінгі күнімізге дейін жеткен заттардың түпнұсқасы. ХVIII ғасырда Туркияда басылған арабша жазылған құран кітап, ХIХ ғасырдың соңындағы шіркеулік-славяндық тілдегі Евангелие, ХVIII ғасырдың православ иконалары, ХХ ғасырдың басындағы ескі дәстүрлі крест. Түрлі конфессияның діни ғұрыптарын орындауға арналған заттар. Имамның арнайы киімі. Православ және католиктердің, протестант шіркеуінің дін қызметшілерінің толық киімі. 

Дағдылар: дін әлемін дұрыс түсіну, бағыт-бағдарын айыра білу,  Қазақстанда қызметіне тыйым салынған экстремистік және ланкестік ұйымдарды білу, олар туралы толық ақпарат алу.

 

 

«Туған жер» экспозициялық-білім беру жобасы.

  1. «Бастау» білім беру бағдарламасы.

 

Мақсаты: жәдігерлермен жұмыс жасау арқылы ХХ ғасырдың басында өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігін зерттеп, сол арқылы өлкенің тарихымен танысу.

Бағдарламаның негізгі бағыттары: өлкенің аңыздары мен атаулары, Оразбековтер отбасы, қазіргі Теміртаудың 1905 жылға дейінгі жер иелігі,  Столыпин реформасы, қоныстану саясаты,қазақ халқынан жерлерді тартып алу, Жауыр-өткел қоныстану учаскесінің қалыптасуы, Самарқанд қоныстанушылар елді-мекені, алғашқы аурухана, алғашқы мектеп, қоныстанушылардың тұрмысы. 

Тұлғалар: Арғын руы, Тетіғұл, Оразбек, Ниязбек, Тұрлыбек, Оразбековтер отбасы. Алғашқы дәрігерлер – Кондратьев В., Горбачевская Т.

Жәдігерлер: саман кірпіш, жүн түткіш, қамшы, рубель, көмір үтік, ұршық,  қыздыратын үтік, қазақ ұлттық костюмі, неміс ұлттық костюм, шөген, самаурындар, шабата, табақ, ат әбзелдері және т.б.

Дағдылар: тарихи маңызы бар жәдігерлерді қолға алып жүн түткішпен жүн түтіп, қамшыны өріп, рубель, көмір үтік, қыздыратын үтік сияқты әртүрлі үтіктермен матаны үтіктеп көру, саман кірпіштің жасалуын үйрену.

  1. «Самарқанд елді-мекені сталиндік қуғын сүргін жылдары»

білім беру бағдарламасы

 

Мақсаты: өлкетану материалдары арқылы 1930 жылдардағы болашақ қаланың өнеркәсібінің қалыптасуы туралы; қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың тағдыры арқылы саяси қуғын –сүргін құрбандарының Теміртау қаласының құрылысына қосқан үлестері туралы ақпарат беру.   

Бағдарламаның негізгі бағыттары: индустриализация, Қ. Сатпаевтың Орталық Қазақстанды зерттеуі, Қарағанды көмір бассейнінің дамуы, Самарқанд су қоймасының және ҚарМАЭС-1 құрылысы. Қаламыздың мүлкі тәлкіленген отбасыларының үлгісінде ұжымдандыру және Голощекиннің «Кіші Октябрь» саясаты туралы жеткізу. Қарлаг.  Теміртауға қоныстаған Қарлаг тұтқындары - Теодор Спаде, Маргарита  Перхина және басқалары туралы. Неміс, кәріс, шешен, поляк, грек халықтарын қудалаудың салдарынан Теміртау қаласының ұлттық құрамының өзгеруі туралы. Қуғындалған адамдардың өмір сүру жағдайы, құқықтары мен міндеттері. Теміртаудағы жапон және неміс тұтқындары. Саяси қудалауға түскен жандардың Теміртау қаласының қалыптасуына қосқан үлестері туралы.

Тұлғалар: зерттеуші Қ.И. Сатпаев ., гидролог Колесов Г.Г., алғашқы құрылысшылар Рахымжанов Г.Р., Жанабергенов Р.Ж., тәлкіленген отбасылары Сыздықовтер, Кочетовтер, Киселевтер; ұлттық сипаты бойынша қудаланғандар –Николаиди, Киблер отбасылары.; 58 баппен сотталған – Спаде, Перхиндер және басқалары.

Жәдігерлер: Самарқанд елді-мекенінің аймағында жүргізген Қ. Сатпаевтың зерттеме материалдары, су бөгеті мен қарМАЭС-1 құрылысының алғашқы құрылысшыларының құжаттары, олардың еңбек құралдары, қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың өз қолымен жазған естеліктері. Теміртаудағы жапон және неміс тұтқындарының лагерлерінің құрамы мен орналасуы туралы архивтік құжаттар, 1930-53 жж. Мемлекеттік және жергілікті басылымдар, НКВД қызметкерінің формасының элементтері.

Дағдылар: үлгі бойынша пайдалы қазбаларды анықтау, су бөгеті құрылысшыларының еңбек құралдарымен жұмыс жасау: қайла, сүргі; қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың құжаттарының көшірмесімен жұмыс жасау; ол құжаттарды сипаты бойынша ажырата білу: тәлкілену, ұлттық сипаты бойынша, ҚК 58 бабы, соғыс кезіндегі қуғын-сүргіндер.

  1. «Самарқанд елді-мекені Ұлы отан соғысы жылдарында»

білім беру бағдарламасы.

 

Мақсаты: Самарқанд елді-мекенінің үлгісінде қазақстандық тылдың Ұлы Отан соғысының Жеңісіне қосқан үлесі туралы баяндау.

Бағдарламаның негізгі бағыттары: өнеркәсіп нысандарының құрылысы мен іске қосылуы: ҚарМАЭС-1, Құю-механикалық зауыты, Синтетикалық кәушік зауыты, Казметаллургстрой тресті, Қазақ металлургиялық зауыты. Республикамыздың аймағына мамандар мен кәсіпорындарды көшіру, Нысандардың бой көтеруінің жағдайлары мен мерзімдері, ұлттық кадрларды дайындау. Алғашқы карбид кальций, алғашқы қазақстандық болат. ҰОС кезіндегі жас самарқандтықтар. Елді-мекенге Теміртаудеген атаумен қала мәртебесін беру.

Тұлғалар: ҚМЗ алғашқы директоры Жевлаков В., алғашқы болат қорытушылар Дәрібаев А., Байғазиев Е., Жүнүсов А., Валеев И., құрылысшы Үкен Тұрмағаметов, ұсташы – Сыздықов Әубәкір және басқалары.

Жәдігерлер: Қазақ металлургиялық зауытының құрылысы туралы документалдықя видеохроника, Самарқанд елді-мекенінде кәсіпорын нысандарының құрылысы туралы жарғылар мен қаулылар, құжаттар, марапаттар, естеліктер, алғашқы құрылысшылар мен болат қорытушылардың жеке заттары, алғашқы қазақстандық болаттың құймасы.

Дағдылар: 1950-60-шы жж. мектеп партасына отырып сия мен қаламұшпен жазу, пионерлер атрибутикасын ажырата білу, пионерлер галстугын байлап үйрену, болат қорытушының көзілдірігімен жұмыс жасап көру, құрылысшылардың еңбек құралдарын анықтай білу.

  1. «Қарағанды металлургиялық комбинатының құрылысы.  Қазақстандық Магнитка – еліміздің екпінді комсомол құрылысы»

білім беру бағдарламасы.

 

Мақсаты: Республикамыздың қара металлургия алыбының қалыптасуы мен тарихын балаларға жеткізу.  

Бағдарламаның негізгі бағыттары: Қарағанды металлургиялық зауыт пен Теміртау қаласының шығыс бөлігінің құрылысы, болгар жастарының келуі,  , приезд в город болгарской молодёжи, Қазақстандық Магнитканы – еліміздің екпінді комсомол құрылысы деп жариялау туралы, болашақ Президентіміз Н. Назарбаевтың келуі, құрылысшылардың тұрмыс жағдайы, 1959 жылғы қаламыздағы жастар көтерілісі, домна пешінің іске қосылуы, алғашқы көрікшілер, зауытқа комбинат мәртебесін беру.

Тұлғалар: трест КМС басқарушысы Коркин А.,болгар құрылысшысы Къянев В., комсомол қыз Т. Шагиева, көрікші Н.Назарбаев және басқалары.

Жәдігерлер: Қазақстан Магниткасының құрылысы туралы документалды видеохроника, кеңестік және болгар жастарының комсомолдық жолдамалары, 1955-1970 жж. плакаттар, газеттер, молния деп аталатын қабырға газеттері,   құжаттар, алғашқы қазақстандық шойынның құймасы, көрікшінің киімі мен еңбек құралдары, ҚМК цехтарының өнім үлгілері, комбинат цехтарының ашылу сәтіндегі дәстүрлі кілттері. 

Дағдылар: кірпіш қалап үйрену, алғашқы құрылысшылардың шатырына кіріп көру, көрікшінің арнайы жұмыс киімін кию.

  1. «1959 –шы жылдың ыстық жазы»

білім беру бағдарламасы.

 

Мақсаты: 1959 жылы тамыз айында болған Қазақстан Магниткасы құрылысшыларының арасында болған көтерілістің хронологиясын айқындау, металлургиялық зауыттың құрылысшыларының тұрмыс жағдайына көңілдері толмауынан болған көтерілістің себеп-салдарын, мән-жайын, сипатын түсіндіру. 

Бағдарламаның негізгі бағыттары: Қарағанды металлургиялық зауытының құрылысының басталуы, еліміздің Бүкілодақтық құрылысы, Комсомолдың үндеуімен келген жастардың саны мен құрамы. Теміртау қаласының құрылысшыларының өмірінің әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы. Асхананы өртеп, дүкенді басып алу оқиғасы туралы әр сағатымен жеткізу. Жергілікті билік органдарының іс-әрекеті, қалаға ІІМ әскерін енгізу, көрсетпелі сот. Құрылысшылардың өмірінің өзгеруі.  

Жәдігерлер: 1959 жылғы болған оқиғаның куәгерлерінің еске алуы бойынша түсірілген документалды фильм, қираған ғимараттар мен көшелердің көрінісін беретін суреттер. Теміртауда болған оқиға туралы архивтік құжаттар мен есеп қағаздары, осы оқиғаның бастамашылары мен қатысушыларына шығарылған үкімдердің көшірмелері, Қазақстан Магниткасының құрылысшыларының шатырының, сол кездегі жиһазы мен ыдыс-аяғы сақталған,  макеті.

Дағдылар: қаламыздың заманауи картасынан 1959 жылғы оқиғаны көрсете білу.

  1. «Менің әжемнің кішкентай кезінде»

білім беру бағдарламасы.

 

Мақсаты: Заттар мен олардың дамуы арқылы Теміртау қаласының тұрғындарының бірнеше ұрпақтарының үлгісінде ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық және мәдени прогресті көрсету.

Бағдарламаның негізгі бағыттары:  XX ғасырдың басы, 1930-40-шы жж., 1950-60-шы жж, 1970-90-шы жж. Әрбір кезеңде, жәдігерлерге сүйене отырып, ғылым саласының дамуын көруге болады (еңбек құралдары, тұрмыстық аспаптар), архитектураның өзгерісі (қаланың сырт келбеті, құрылыс материалдары, көпқабатты үйлер), сән, мәдениет, медицина, спорт және басқа да саланың дамуы.

Жәдігерлер:  кір жууға арналған тақтай, кір жуғыш машинка, рубель (көне үтік), көмірмен қызатын және пеште қызатын үтіктер, сәндік көйлектер үлгілері, таблетка-бас киімдері, керосин май шамдары, примус, ағаш чемодан, патефон, алғашқы телевизор және видеокамера, бобин магнитофондары және де басқалары.

Дағдылар: заттың түріне қарап қай кезеңде жасалғанын анықтау, қолданыстан шыққан заттарды қалай қолдану керектігін үйреніп-білу: көмірмен қызатын және пеште қызатын үтіктермен, шөгенмен, иінағашпен жұмыс жасау, сия мен қаламұшпен жазып көру, кезеңге сай киім үлгілерін киіп көру, қала ғимараттарының қай кезеңде салынғанын анықтау, магнитофон мен арифмометрді қолданып үйрену. 

Байланыстар

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн