11 қыркүйекте (көпұлтты отбасыларына арналған) «Біз әртүрліміз, біз бір жанұямыз» атты отбасы күніне арналған іс шара өткізілді.

Теміртау SOS балалар ауылында тұратын көпұлтты, өте тату «Бөпеш» отбасымен шәй үстелінің басында кездесу өтті. Отбасы сегіз адамнан тұрады: анасы Үміт Намазқызы және балалары Ербол (19 жас) ҚарМИУ студенті, Лейла (15 жас), Сымбат (12 жас), Ангелина мен Қуаныш (10 жас), Иван (9 жас), Мөлдір (8 жас). Олар өздерінің бір күндік өмірімен таныстырып, қандай отбасылық мерекелер мен дәстүрлері бар екенін айтып,  өлең-тақпақ оқып, суреттерімен бөлісті.

«Қара жәшік» ойының үлгісінде сонау өткен ғасырда Самарқан елді мекенінің отбасыларында қолданылған көне жәдігерлермен танысты.

«Бөпеш» отбасының балалары жасаған қол өнер бұйымдарының көрмесі іс-шараны толықтырды.

Әлеуметтік отбасының үлгісімен танысуға Теміртаулық жастар клубының мүшелері мен Қарағанды және Теміртау қалаларының ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.