26 желтоқсанда Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Арт-ашылымдар» жобасы аясында «Креативтік бал-маскарад» көрме-сайысы өткізілді.

Музейлік бал-маскарадтың орталық бөлімінде «Жаңажылдық дефиле» көрсетілді. Мерекеде 2018 жылдың нышандары - француз догтары Аяз Ата мен Ақшақардың костюміндегі ерекше қонақтар болды. «Жаңажылдық сән 2018» тақырыбындағы киім үлгілерін 5 жастан 18 жас аралыңындағы 20 модель көрсетті. Костюмдер экслюзивтік, пластик ыдыстан, полиэтеленнен, қағаздан әрі қолдан жасалған. Жеңімпаздарды көрермендер дауыс беру арқылы анықтады. Кіші жас шамасында  Присенко Софья (7 жас) и Вирченко Кирилл (5 жас) жеңсе, ересектер арасында Циммер София (15 жас) жәнеи Пионтковская А. (12 жас) жеңіп шықты. Жеңімпаздар диплом және сыйлықтарға ие болды, барлық қатысушыларға сертификаттар мен кішігірім сыйлықтар ұсынылды.

Іс-шара барысында 2014,2015,2016 жж. «Музейдегі креативтік жаңа жыл» көрме сайыстарының жеңімпаздарына қошемет көрсетілді. Олардың жеіп шыққан жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды.

Мерекеге қонақ ретінде «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері, №15 қазақ мектеп-гимназия №24 орта мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері шақырылды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.