13 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне арналған «Параллельдер» жобасы аясында «Тарихты жасайтын тұлға» ашық іс-шара өткізілді.

Үш жыл бойы музей дарынды, еңбегі жемісті замандастарымызбен таныстыратын «Параллельдер» жобасын жүзеге асырып келеді.

Бұл жолғы іс-шара қонақтары:

  • Харченко Светлана Владимировна – «Глория» үлгілі хореографиялық ансамбль жетекшісі;
  • Варганова Елена Петровна – «Бейне» қоғамдық бірлестіктің төрайымы;
  • Бектібаева Балкен – Эстрадалық вокалдан қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық сайыстардың жеңімпазы және дипломанты.

Басты кейіпкерлермен танысу экспозициядан басталды. Суреттер, дипломдар, кубоктар, медальдар, халықаралық және республикалық ұйымдардың марапат сыйлары – бұл олардың жетістіктерін дәлелдейтін материалдардың аз ғана бөлігі. Өз еңбегі туралы олар сұрақ-жауап форматында ой бөлісті. Іс-шара соңында Балкен тамаша ән орындап, «Глория» ансамблі әсерлі би сыйлады.

Политехникалық колледждің студенттері, №1 қалалық гимназия және №6 орта мектеп оқушылары – барлық жоғы 70-тен астам адам іс-шараға қатысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.