2018 жылдың 12 маусымда тарихи-өлкетану музейіндежыл сайынғы «Музей қалашығы» атты қалалық мереке өтті. Бұл жылғы мереке тақырыбы "Алтын бесік" - ұлан байтақ туған жерге арналады.

Біздің қалашығымыздың қонақтары – бұл мектеп жанындағы лагерлердің балалары, бала-бақша балалары, және де Теміртау қаласының үлкен-кіші тұрғындары үлкен тойға тап болғандай. 13 шығармашылық алаңдарында музей жәдігерлері арқылы салт-дәстүрлермен танысып, интеллектуалдық- ойын тапсырмалары арқылы ел тарихымен танысып, ұлттық ойындар ойналып, ұлттық билер биленді.

Мерекеге қатысушылар үлкен құрақ көрпе жасады, бұл көрпе мерекеге арнайы жасалған киіз үйдің сәніне айналды. Мыңнан астам чемпиондық кубоктар сазбалшықтан жасалып, әрбір бала өзінің ғарыш кемесін құрастырып, оларды Байқоңыр ғарыш айлағынанан ұшыртты. Ал өздерінің жүректеріндегі тілектерін Тілек ағашына жеткізді.

Музей қалашығында барлығы 1000 -нан астам адам қатысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.