1 қыркүйекте Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі "Мен елімнің патриоттымын"атты интерактивті-танымдылық экскурсия өтті.

Шараның мақсаты балалардың бойында париоттық және азаматтылық сезімін тәрбиелеу.

Ешкім патриот болып тумайды, париот болып тәрбиеленеді.

Патриотизм дегеніміз не, ол қалай байқалады? Өз елінің патриоты болу дегеніміз не? Патриот дегеніміз кім? Қазақстандық патриотизмнің мақсаттары қандай?

Бізге экскурсияға келіп, оқушылар осы сұрақтардың жауабын алады.

Экскурсия 3 локацияда өтті.

1-ші локацияда  мультимедиялық мүмкіндіктер мен қоса  интерактивті-танымдылық ойындар арқылы оқушылар ҚР Ата-Заңымен, ҚР мемлекеттік нышандарымен танысты, соңымен қоса Астананың архитектуралық нысандарының суреттері арқылы, біздің Отанымыздың бас қаласына саяхат жасады. Тарихқа шолу жасап, ұлттық валютамыз - теңгенің қалыптасу тарихын білді, жоғарғы «рroof»   сапасындағы алтын мен күміс тиындармен танысты. Барлық қалаушыларға қолдан теңгені «басып» шығару мүмкіндігі туды.

Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлға ретінде қалыптасқан өмірбаянымен танысты. Жауыңгердің мундирін киіп, қолына снаряд пен тапаншаның сыртын ұстап, бір сәт өзің отан қорғаушы ретінде сезінді. 

2-ші локация Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясында оқушылар біздің қалада тұратын ұлттардың мәдениетімен, сәлемдесу әдептерімен танысты, орыс, қазақ, кәріс ұлттарын қарсы алып, оларға дастархан жайды.

 3-ші локацияда Қазақ хандығының негізін қалаған  Керей мен Жәнібек хандардан бастап, мемлекеттіктің негізінде тұрған, мемлекеттің қалыптасуы мен нығайуына ықпалын тигізген  ұлы тұлғалармен танысты.

IMG 2497IMG 2519

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.