2019 жылы 26 қаңтарда Теміртау тарихи-өлкетану музейінде "Арт-шатыр" кескіндеме мектебі оқушыларының алғашқы көрмесінің ашылуы аясында "Жаухарға жол" атты іс-шара өтті.

Іс-шара аясында "Арт-эстафета"өткізілді. Қатысушыларға екі топқа бөлініп, суретшіге қажетті барлық атрибуттарды жинау және сурет жазу мақсатында тапсырмалар орындау ұсынылды.

Бірінші тапсырма "Түрлі-түсті кейіпсіздік", онда қатысушылар белгілі бір түсті дөңгелекшемен өтті, орындалған тапсырма үшін қылқалам алды. Жасырын мәтінді сызып, жұмыстың тақырыбын білді. "Үш батыр" және "Шабдалы бар қыз" суреттерімен пазл жинап акварель бояуларын алды.  Ал кубиктерден торсықтың суреті мен "Күн құдайы" ою-өрнегін кубтардан жинап су құятын стақандар алды.

"Арт-эстафетаның" қорытындысында жинақталған атрибуттардың көмегімен ашып жазылған тақырыпқа сәйкес картина жасау болды.

Іс-шараға Теміртау қаласының шығармашылық ұжымдары да қатысты. Арт-шатыр" кескіндеме студия оқушыларының көрмесінің ашылуымен ""Пластилин" хореографиялық миниатюралар театры, лезгинка мектебі "Дикалла" құттықтады, ал солист Мининкова Любовь "Прекрасное далеко" әнін орындады.

IMG 5797IMG 5803

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн