4 ақпан күні Теміртау музейінде  Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылуының 30 жылдығына  арналған  "Ауғандық сызат" инсталляциясының ашылуы өтті. Инсталляция екінегізгі аймақты қамтиды. Біріншісі- архиывтік фотосуреттер бойынша құрылған кеңес отбасының пәтерінің фрагменті. Бұл жерде 1980-ші жылдардың ұрпақтарының біразы көре алмай және қатыса да алмай қалған заттар көрсетілген: мысалға, катушкалық магнитофондардағы жазбаларды тыңдау, аулада гитара мен ән айту, Олимпиада ойындары мен   Бүкілодақтық жастар фестивалі туралы жаңалықтарды көру. Алыс таулы елдегі түсініксіз соғыстың дабылы қаққан кезде, бейбіт өмір "дейін" және "кейін" болып екіге бөлінді. Мыңдаған жастар түрлі әлемнің саяси ойынында нысана болды. Инсталляцияның екінші аймағында ақпараттық блоктардың жанында интернационалист - жауынгерлердің тағдырын бейнелейтін далалық оқу нысаналары орнатылған. Инсталляцияның қайғылы мәнін жәдігерлерде қолдайды: кеңес әскерлерінің жабдықтары, оқу – жаттығу қаруы, жауынгер - интернационалистердің хаттары, оппозиция жауынгерлерінің құжаттары мен парақшалары. Инсталляцияның алғашқы келушілері интернационалист-жауынгерлер мен қала жастары болды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн