21 ақпан 2019 жылы Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Осы айдың жәдігері» атты жаңа жобаның ашылу салтанаты өтті. Келешекте жоба жалғасын тауып, музей қорында жинақталған қаламыздың тарихымен байланысты, қаламыздың тұрғындары мен қонақтары сыйға тарту еткен ерекше жәдігерлерді көрсетеміз, әр ай сайын көрме жәдігері ауысып отырады.

Музейдің арнайы аймағында музей қорынан алынған ерекше, құнды көне жәдігер қойылды. Бұл - М. Әуезовтің Дүние жүзілік  әдебиет кітапханасына енген, әлемнің 116 тіліне аударылған, 1942 жылы қазақ тілінде жазылған 1945 жылы алғаш рет орыс тіліндегі аудармасы «Абай жолы» атты роман эпопеясы. Алғашқы екі том кітаптың басылымы шыққан соң М.Әуезов КСРО – мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. 1959 жылы төрт том кітап баспадан шыққан соң Лениндік сыйлықпен марапатталды.

Бұл жәдігердің Теміртау қаласының тұрғыны мен байланыстыратын ерекше аңызы мен тарихы бар. Кітапты музей қорына Коломейченко отбасы 1986 жылы сыйға тарту еткен. Коломейченко Сергей Макарович 1943 жыл Самарқанд кентіне Қазақ металлургиялық зауытының құрылысына көшіп келген маман. Қарағанды металлургиялық комбинатының сұрыптау илектеу өндірісінің директор орынбасары болып жұмыс істеді. Кітапты 1946 жылы Теміртау қаласының кітап дүкенінен 16 рубль 50 копейкаға сатып алған.

Көрменің ашылуына қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қаттысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн