2019 жылы 5 сәуірде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде суретшілер күніне арналған "Жақтаусыз жақтауда" атты суретшілердің қалалық көрмесі ашылды.

Жиырма екі суретші көрермендерді өз шығармашылығымен қуантты. Көрме залы өнер майталмандарымен қоса жас, жаңадан бастаған суретшілерді де жинады. Көрме қатысушыларына жалғыз шарт қойылды: ұсынылған жұмыстар бұрын соңды жарық көрмеген болу керек, бұл шартпен суретшілер толық келісті.

"Жақтаусыз жақтауда" деген символдық атау қатысушыларды өнер туындысының тақырыбын, жанрын, бағыты мен тәсілін таңдауда шектемеді. Сондықтан көрермендер сәндік қолданбалы өнер жұмыстарының үлкен спектрін - нәзік инсталляция, нәзік батик, гобелен, кесте, плакет, барельеф, киіз бұйымдары мен шағын формадағы мүсіндерді көре алды. Сонымен қатар, көркем суреттер мен графикалық туындылар да аз емес. Сурет тақырыбы әр түрлі жоспарларымен, әсемдігімен, көктем лебімен, жеңілдігі және сұлулығымен қуантты.

Көрменің қонақтары политехникалық колледж мен "Мирас" колледжінің студенттері, қаланың суретшілері мен фотографтары, шығармашыл зиялы қауым өкілдері мен өнер сүйер қауым болды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн