Халықаралық музей күніне орай Теміртау тарихи-өлкетану музейінде 17 мамыр күні "Жәдігер салтанаты. Тарих әуені" атты музейлік мереке өтті.

Жәдігер салтанаты мерекесінің басты кейіпкері - музыкалық аспаптар -олардың айналасында барлық негізгі іс-әрекет жүргізілді.

"Руханият материалдықта" деп аталатын экспозициялық алаңда Теміртау және облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің қор коллекциясынан, сондай-ақ жеке коллекциядан тұратын бірегей жәдігерлер ұсынылды.

Мерекеге келушілер қазақ, татар, өзбек, орыс, грек халықтарының мәдениетінің көрсеткіші көне құралдарды көрді. Сондай-ақ оркестрлік-ішекті,үрмелі, соқпалы аспаптар да болды.

Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің кәсіби оқытушылары домбырада, қобызда, балалайкада, шулы аспаптарда ойнап, өнер көрсетті.

Көркем сурет мектебінің оқушылары екі сағат ішінде қобыздың әуенінен естіген әсерлерінің негізінде картиналар жазды.

Музей алдындағы алаңда 7 шығармашылық алаң жұмыс істеді.

Мерекеде 150-ден астам қонақ болды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.