«Белгісіз Теміртау» акциясы

Мақсаты: Теміртау өмірінен қызықты, аз танымал фактілерді жариялау және музей қорынан сирек кездесетін фото және деректі материалдарды жариялау арқылы Теміртау қаласының тарихын насихаттау.

Жобаға қатысушылар: Facebook, ВК, Одноклассники, Іnstagram әлеуметтік желілерінің пайдаланушылары.

 

«Тарихи сәйкессіздік» байқауы

Ереже

Байқау "Менің қалам" жобасы аясында ұйымдастырылды.

Мақсаты: Теміртау тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған тарихи фотосуреттерді зерттеу арқылы Теміртау қаласының тарихын насихаттау.

Қатысушылар: Facebook, ВК, Одноклассники, Іnstagram әлеуметтік желілерін қолданушылар.

Байқау шарттары: мұрағаттық фотосуреттерді егжей-тегжейлі зерттеу, фотосуретке мұражайдың өзі жасанды түрде қосылған кейбір элементтердің тарихи сәйкессіздігін анықтау арқылы ел және Теміртау қаласының тарихын көзбен шолып талдау және тану мүмкіндігі ашылады.

Жеңімпаздар: Д.Дюмин (Одноклассники) , Д.Кириченко (ВК) , Служба "112" (Іnstagram) , О.Валиева (Facebook)

 

«Бұл көше қайда? Бұл үй қайда?» байқауы

Ереже

Байқау "Менің қалам" жобасы аясында ұйымдастырылды.

Қатысушылар: Facebook, ВК, Одноклассники, Іnstagram әлеуметтік желілерін қолданушылар.

Мақсаты: Теміртау қаласының тарихын зерделеуді насихаттау, тарихи жадыны сақтау, тарихи олқылықтарды қатысушылардың естеліктері арқылы толықтыру.

Конкурстың шарттары: әлеуметтік желілерде қор фотосуреттерін жариялау. Жарияланған фотосуреттерге жазылған пікірлерде байқауға қатысушылар көшелер мен нысандардың дұрыс атауын атайды.

Қорытынды 30-шы фотосурет жарияланғаннан кейін шығарылады. Дұрыс жауаптардың ең көп санын көрсеткен қатысушы жеңімпаз болып, сыйлықпен марапатталады. Жеңімпаздардың есімдері әлеуметтік желі беттерінде көрсетіледі.

Дұрыс жауап: көше, нысанның атауы.

 

«Теміртау. Тарихи беттер» жобасында

Бірінші шығарылым тарихтағы «ақ дақтардың» бірі – Теміртау қаласындағы Жапон әскери тұтқындарының лагерлеріне арналған. Бұл лагерлер қашан және неге ұйымдастырылып, жойылды, Теміртау өнеркәсібіне әскери тұтқындар қандай үлес қосты және олар туралы қалада қандай естелік қалды.
«Теміртаудағы жапон әскери тұтқындары» атты басылымды қарап, туған қаламыздың тарихын біліп жүріңіздер!

 

«Теміртау қаласының суретшілері туралы тарихи бет»

 

«Деректі фильм күні» жобасы

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн