Тарих қойнауымен жүріп өткен аяқ киімдерді Теміртау мұражайынан кездестіруге болады. Ол жерде ежелгі шәркейлерден бастап, техноаяқкиімдерге дейін бар. Әрқайсысы қожайындары мен өзі кәдеге жараған заман жайлы сыр шертеді.

Пластелиннен жасалған мына аяқ киімді ешкім кимесі анық. Монтажды платадан жасалағаны да әдемі, төсек іспеттесі езуге күлкі үйіртеді. Бұл көрмедегі «арт-аяқ киім» бөлімінде назарға ұсынылғандары. Сонымен қатар, мұнда, ұлттық және кеңес заманы мен одан кейінгі аяқ киім үлгілері қойылған. Оларды әрқайсының өзіндік тарихы біріктіреді.

-Мәселен, мына әйелдер туфлиінің тарихы сонау сұрапыл соғыс жылдарына келеді. Мұны 1945 жылы зауыт жұмысшысына жалақы есібінде берген екен. Содан бері мұны оның әйелі, қызы, тіпті немересі де киген көрінеді. Сондықтан осы аяқ киімді көрмеге әкелген азаматша, мұны ата бабасынан қалған бірден бір естелік санайды.

Альпинистердің, боксшы, шыңғышының ретро үлгідегі аяқ киімдері бар мұнда. Әр ұлттың да бұйымдары кездеседі. Мысалы, мынау болгарлық кебіс, ал мынау орыстың лаптасы. Өткен күн мен баяғы адамдар жайлы естелікті аяқ киім де айта алады екен.

Лейла Әбікеева, Теміртау қаласы мұражайының директоры:

-Мысалы, бір тұлғаның жеке заттары мен құжаттары келеді ғой. Солардың ішінде әлбетте аяқ киім кездеседі. Бұларды жылдарға бөлуге де болады. 50-ші, 60-шы 70-ші жылдарға. Осы жыл сайынғы аяқ киімдердің даму процесін біздің экспозициядан көруге болады.

Сан түрлі, әрқайсысының өз заманы, өз тарихы бар аяқ киімдер көрмесінде байқау да ұйымдастырылған екен. Оны табаны ағаш шегелермен қағылған мына қазақтың мәсісі жеңіп алды.

Контактная информация

101404, Карагандинская область
г.Темиртау, пр.Металлургов 28/4

@

Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Часы работы

Понедельник – пятница

С 9.00 до 18.00

Суббота – с 10.00 до 18.00

Воскресенье – выходной.