2022 жылдың 25 тамызында «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «Мектеп табелі» экспозициясының ашылуы өтті.

Музей қорында қала тұрғындары тапсырған көптеген жеке құжаттар сақталған. Олардың арасында әр түрлі қалалар мен уақыт кезеңдеріндегі мектептегі үлгерім табелдері жиі кездеседі.

Өкінішке орай, Самарқанд кентінің, болашақтағы Теміртау қаласының, мектебі берген алғашқы табель сақталмаған. Теміртау табелдерінің ішіндегі ең көнесі: «1960-1961 оқу жылындағы Теміртау қаласының №13 орта мектебінің 1 «Б» сынып оқушысы Жернова Наташаның білімін және тәртібін бағалау тізімдемесі», бүгін осы құжат экспозицияның орталығы болып тұр.

Бір саладағы құжаттардың алуан түрлігі әрдайым зерттеуге қызығушылық тудырады, сұрақтар қояды және жауап беруді талап етеді.

Теміртау №13 мектебі берген құжатта бағалар балл түрінде қойылған. 1935-1937 жылдардағы табелдерде бағалар «жақсы» және «өте жақсы» деген сөздер түрінде қойылған. 50-60 жылдардағы құжаттарда, көбінесе балл түрінде және ауызша түрде екі жақты бағаланады. Әрине, бағалау жүйесі қалай дамыды деген сұрақ туындайды?

Қазақстандық мектеп Ресей империясының құрамында болған кезде білімді бағалаудың 3-, 5-, 8-, 10-, 12- балдық жүйесі болды.

XIX ғасырдың екінші тоқсанында, бүгінде бізге таныс бағалау жүйесі енгізілді – «1» ең нашар баға, ал «5» өте жақсы. Кеңестік білім тек 5 балдық жүйені заң түрінде қабылдап, қолданды: алдымен ауызша бағалау түрінде, ал 1944 жылдан бастап балл түрінде.

Жернова Наташаның құжатындағы мектеп пәндерінің тізімі жаңа сұрақтар туғызады: «таза жазу» деген қандай пән? Неліктен «математика» емес, «арифметика»?

Қаламсаптар кеңінен таралғанға дейін барлық бірінші сынып оқушыларын таза жазуға үйретті. Әріптерді металл қаламұшпен және сиямен жазу оңай шаруа емес.

Бұрын бірінші сыныпта сандармен тек қарапайым әрекеттер жасауға үйретті, яғни арифметика оқытылды. Математика дегеніміз геометриялық фигураларды, өлшем бірліктерін және белгісіз теңдеулерді  оқытуды қамтиды.

Мектеп табелдері мен ведомостары қызықсыз көрінетін сияқты. Пәндер мен бағалар тізімінде қызықты не нәрсе болуы мүмкін деп ойлаймыз? Бірақ ізденген адам, осы құжаттарды зерттей отырып білім беру саласының даму тарихын көре алады.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.