2023 жылдың 20 наурызы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Наурыз мерекесіне орайластырылған іс - шаралар аясында «Этикет -ұлттық бірегейліктің көрсеткіші» музейлік білім беру жобасының тұсаукесері өтті.
Қазақтардың рухани мәдениетінің маңызды бөлігі дәстүрлі этикет болып табылады. Көптеген этикет ережелері ежелгі дәуірден бастау алады. Бұл жазылмаған заңдар өмірде жол көрсетеді және ұлттық бірегейліктің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Музейлік білім беру жобасы дәстүрлі ұлттық этикетпен танысуға бағытталған. Қатысушыларға театрландырылған түрде мінез - құлық нұсқалары көрсетілді-сәлемдесу, қоштасу процесі қалай жүреді, қалай отыру және отырмау керек, шайды қалай дұрыс беру керек, сонымен қатар іс-шараға қатысушылар қамшымен, белбеумен, пышақпен, қазанмен және басқа да материалдық мәдени заттармен қандай әрекеттер жасауға болмайтыны туралы естіп-білді.