2023 жылдың 05 мамырында Отан қорғаушы күніне орай «Жас жауынгер курсы»  CrossFit – білім беру бағдарламасы іске қосылды.

Бағдарлама ойын форматында оқшауланған бірнеше орында өтті.

Медициналық комиссия: жас жауынгерлер өздерінің бойын, салмағын, дене ыстығын, қан қысымын өлшеп, медициналық карта толтырды.

Әскери-саяси дайындық: ҚР Қарулы күштерінің құрылуы, әскери құрылымдар туралы дәріс- сұхбат.

Байланыс батальоны: Морзе әліппесінің көмегімен құпия әскери құжаттарды оқыды.

Медсанитарлық бөлім: жарақаттан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйренді.

Далалық ас үй: қасық пен картоп алып дала жағдайында жылдамдыққа жарысып отырып «тағам әзірледі».

Артиллерия бригадасы: қара қорапта басқа заттардың арасынан көзбен көрмей тек қолмен артиллериялық снарядты анықтады.

Жаттығу полигоны: түрлі кедергілерден өтті (шиналар, тақтайлар және т.б.).

Шақырылу бекеті: әскери комиссардан «Әскери қызметке жарамды» деген куәлік алды.

Бағдарламаға алғашқылардың бірі болып №10 орта мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.