2023 жылғы 13 маусымда Теміртау тарихи-өлкетану музейінің алдындағы алаңда «Музей қалашығы» мерекесі өтті.

18 жыл бойы «Музей қалашығы» атты музейдің авторлық жобасы жүзеге асырылып келеді. Жыл сайын, бір күн ғана, жазғы демалыс кезінде музей қала қонақтарын қарсы алады. Биылғы жылы біз өткен мерекелерден ең үздік  және қызықты шығармашылық тапсырмаларды жинадық, сондықтан мерекені «Таңдаулы» деп атадық және музейдің 50 жылдығына орайластырдық.

Мақсатты аудитория - бұл мектеп жанындағы лагерьлердің, балабақшалардың балалары, қала тұрғындары - 14 интерактивті шығармашылық алаңға бара алатын ересектер мен балалар. Мұнда музей жәдігерлері мен тақырыптық тапсырмалар арқылы олар тарихи-мәдени ортаға тап болып:

  • құрақ көрпе жасады;
  • автопортрет салды;
  • музей твистерін ойнады;
  • қолдарына білезік жасады;
  • спорттық және ұлттық ойындарға қатысты;
  • ертегілер театрын тамашалады;
  • сиқырлы қораптарда не бар екенін қолмен сезіну арқылы анықтады;
  • қорқыныштарын өртеп;
  • арман тілектерін жазып;
  • көне заттар дүкенінде сауда жасады.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.