2023 жылғы 15 қыркүйекте Қарағанды суретшісі Владимир Проценконың «Калейдоскоп» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.
«Калейдоскоп» көрмесінде суретшінің 33 шығармашылық туындысы ұсынылды. Суреттер соңғы бес жыл ішінде жасалған. Олардың көпшілігі туған қаласы - Қарағандыға арналған. Оларда танымал көшелер, аулалар, үйлер, кеншілер астанасы бейнеленген. Пейзаждық этюдтердің шебері ретінде суретші қарапайым көріністерде ерекше сұлулықты көре білген. Суреттерден ерекше жылулық пен сүйіспеншілікті сезінуге болады.