2023 жылғы 15 қарашада Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық валюта күніне орай «Теңге құпиялары» ғылыми-зерттеу зертханасы өз жұмысын бастады.
Алғашқылардың бірі болып ҚарМИУ студенттері қатысты, олар ұлттық валюта тарихындағы 25 қызықты деректермен танысып, құпияларды ашты.
Нумизматикалық зертханада экскурсанттар екі мыңдық вексельдерді алып, сарапшылардың көмегімен олардың қорғаныс дәрежелерін анықтады.
Студенттер «рroof» сапалы күміс монеталардың көмегімен қара жәшіктің құпияларын ашты.