4 қаршада «Өмірімнің өрнегін басқаша өремін...» атты ақын Григорий Григориадидің 90-жылдығына арналған экспозиция және іс-шара өткізілді. Теміртау қаласында авиамоделизм клубын ұйымдастырған, «Магнит» әдеби бірлестігінің жетекшісі болған, майдангер -ақынның қиындыққа толы тағдыры туралы Григориади отбасының жеке мұрағатынан алынған және де мұражай қорында сақталатын бірегей фото-құжаттар арқылы баяндалды.
Экспозицияда ақынның шимай қолжазбалары, хаттары, әдеби басылымдары, жазу машинкасы, өз қолымен жасаған кәдесый заттары қойылды. «Өлеңнің туылуы» атты өлеңнің негізінде инсталляция жасалды. Іс-шараға ақынның достары, әріптестері, тәрбиеленушілері келіп қатысты. Құрметті қонақ ретінде ҚР журналистер Одағының мүшесі, публицист, Халықаралық информатизациялау акаадемиясының академигі В.М. Могильницкий қатысты. Іс-шара барысында Чехияда тұратын ақынның жұбайы мен қызымен телекөпір арқылы сұхбаттасу мүмкіндігі болды.