19 мамыр сағат 16.00 – де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында ҚО ББ «Тілге ауыр зақым алған балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ оқушыларының «Менің Қазақстаным» атты көрмесі ашылды.
Көрермендер балалар өз қолдарымен жасаған сан алуан түрлі жұмыстарды тамашалады, олар: табиғи құралдан, моншақтан жасалған бұйымдар, тұзды қамырдан жасалған, киізден бастырылған бұйымдар, майлы бояумен жазылған суреттер, көрермендердің ерекше назарына ілінген Астананың архитектуралық нышандарының бірі «Байтеректің» үлгісі.
Көрменің ашылуына «Айналайын» балалар үйінің оқушылары мен қала суретшілері қатысты. Көрменің ашылуына келген қоңақтар ҚО ББ «Тілге ауыр зақым алған балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ оқушыларының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Жұмыстары көрмеге қойылған оқушыларды мұражай әкімшілігі мадақтау қағазбен марапаттады.