4 маусым сағат 16.00де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Биік шыңды бағындыру» атты Ромашкин Шикап Кадыровичтың жеке суреттер көрмесі ашылды.
Ромашкин Шикап Кадырович қаламызда туризммен әуестенетін адам ретінде танымал. «ҚР Туризм бойынша еңбек сіңірген нұсқаушысы» атағымен марапатталған. Тянь-Шань, Памир, Кавказ, Картат тауларын бағындырған. Ол бұрынғы СССР құрамындағы көптеген мемлекеттерде болған. Әрқашан өзімен бірге фотоаппаратын алып жүріп, таң қаларлық табиғат пейзаждарын суретке тұсірген.
Көрме қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында ашылды. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған, өйткені көрменің негізгі тақырыбы табиғат және адам. Көрмеде автордың 40-қа жуық ең жақсы жұмыстары көрсетілді. Ол тек цифрлік фотоаппаратпен ғана емес, сонымен қатар пленкалы фотоаппаратпен түсірілген жұмыстары бар. Көрме қонақтары әсем де әдемі кең байтақ табиғатты көрмедегі суреттерден ғана көріп қоймай, сонымен қатар метрлік банерлерденде тамашалады.
Көрмеге достары мен туысқандары, «Кореяна» корей ұлттық этномәдениеттік бірлестігі, «Магнит» әдеби бірлестігі, «Дружба народов» қазақ мәдени орталығы, қаламыздың зиялы қауымы келді. Көрменің салтанатты ашылуынан кейін қонақтар көрменің авторына арналған концертті тамашалады.