17 маусым сағат 9.30-15.00 аралығында Қалалық тарихи-өлкетану мұражайы Теміртау қаласының қонақтары мен тұрғындарына арнап «Мұражай қалашығы» атты іс-шара өткізді. Жазғы демалыс уақытында қалалық мұражай алаңында ойын-сауықтыру шарасын өткізу жақсы дәстүрге айналды.
Бұл жоба іске 2005 жылы қосылды, сондықтан да мерейтойды атай отырып, біздер осы он жыл ішінде өткен қызықты-танымды кезеңдерді тандап алдық.
Мұражай алдында алуан түрлі шығармашылық алаңдар жұмыс жасады, шараға қатысушылар әр түрлі ойындар ойнап, қызықты ақпарат алды.
- Тілектер ағашы – бұл өмір нәрін беретін тіршілік ағашы, балалар өз тілеулерін жазып, мұражай алдында өсіп тұрған ағашқа іледі, тілектері орындалады.
- Мұражайлық гүл алаңы - шын мәнінде экзотикалық гүлдерді отырғызуға болады. Ол үшін алдын ала қағаздан дайындалған гүлдің бөліктерін желімдеп, оны гүл алаңына отырғызу керек.
- Мыстанның үйшігі – балаларды мыстан кемпір қарсы алып, сиқырлы сусунды әзірледі, пайдалы өсімдік-шөптермен таныстырды.
- Қалалық аркада – Теміртау қаласына саяхат жасау, әрбір үстел ойындарында сияқты, мұнда да өз кубиктері, фишкалары, ойынның алмасу реті және де жасырынды қаланың нысандары бар.
- Кондитерлік фабрика- ермексаз және моншақ арқылы әрбір шараға қатысушы, өз ойындағы кондитерлік тағамды әзірлеп, Мұражай қалашығын 10 – жылдық мерейтойына сыйға тартты.
- Геральдикалық шеберхана – түрлі түсті қағазды қолдана отырып, Мұражай қалашығының эмблемасын құрастырды.
- Планетарий- шараға қатысқан әр оқушы, қағаздан өз жұлдызын қиды, ол жұлдыздар Мұражай галактикасында өз орнын тапты.
- Зерде ойындары - мұнда ребустар,жасырын сөз, жұмбақтар шешіп, логикаға арналған ойындар ойнап, зейін арттырды.
- Әжемнің сандығы- мұнда көптеген қызықты құпия жасырылған. Әжесінің немересіне көнеден келе жатқан заттарды анықтауға көмектесу қажет және осы заттардың атауын анықтап, не үшін қажет екенің айту керек болды.
- Жаңа құрылыс- мұнда жас құрылысшыларды құрылыс мамандығына дайындады , олар Мұражай қалашығының архитектуралық жаңа нысандарын қалады.
- Стадион - күш сынау, жылдамдыққа, төзімділікке тексеру.
- Арт –студия – Мұражай қалашығының мерейтойына арнап балаларсурет салып, сыйға тартты.
- Достық мозаикасы- сулы бояулар арқылы барлық қатысушылар жұмылып жерде әсем панно салды.
- Құпия нысандар алаңы - сиқырлы қорапшаларда мұражайжәдігерлері жасырылған, оны алақанымен сезініп, не жәдігер екенін анықтады.
Мұражай қалашығына 1000-нан астам адам қатысты.