2023 жылғы 14 шілде Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің қолдауымен Виктор Цойды еске алуға арналған «Күн атаулы жұлдыз» атты АРТ-бомонд шығармашылық алаңының ашылуы өтті.

Музейдің көрме залында Виктор Цой аңызға айналған рок-музыкант ретінде ғана емес, суретші, актер, тұлға ретінде де ұсынылатын экспозиция ұйымдастырылды.

Көрменің орталық бөлігінде Қарағандыда орнатылған Виктор Цой ескерткішінің көлемді көшірмесі орнатылды.

Келушілер 80-ші жылдардағы Санкт-Петербургтың музыкалық андеграундымен жақсы таныс қазақстандық автор Едіге Ниязовтың қызықты фотосуреттерін көре алды. Бұл суреттер Теміртау көрерменіне алғаш рет көрсетілді.

Экспозицияның бір бөлімі Виктор Цойды суретші ретінде айқын көрсетеді, мұнда оның 1988-1990 жылдардағы суреттерінің көшірмелері ұсынылды.

Экспозицияның интерактивті бөлігі - бұл «Егер де?» деген тақырыпта өтеді, мұнда әрбір келуші музыканттың тағдыры, егер оның қайғылы өлімі болмаса, қалай болатын еді деген болжамды Цойдың қабырғасына жазып кетті.

Ашылу салтанатында «Дарын» оқыту орталығының «Red Heart»деп аталатын теміртаулық музыкалық топ өнер көрсетті. Олар Виктор Цойдың музыкалық шығармаларын орындады.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.