2023 жылдың 1 қазанында «Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК қала күніне орайластырылған «Уақыт аралығындағы көзқарас» көшпелі экспозициясын ұйымдастырды.

Экспозицияның негізгі идеясы - уақыттың байланысы. Экспозиция үлкен форматтағы 36 фотосуреттен тұрды. Оның ішінде 18 қор фотосуреті Теміртау қаласының тарихи жолының бастауын көруге мүмкіндік берді, 18 заманауи фотосурет осы жылдар ішінде көшелер мен даңғылдардың, нысандар мен аудандардың қалай өзгергенін көрсетті.

Экспозицияда қала тұрғындарының өмірі туралы баяндайтын және Теміртау қаласы мен оның тұрғындарының 78 жылдағы жетістіктерін бейнелейтін жәдігерлер ұсынылды.

Қарағанды облысының әкімі Е.К. Бөлекпаев, Теміртау қаласының әкімі О.К. Таурбеков, Теміртау қалалық мәслихатының депутаттары, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың әріптестері және қала тұрғындары «Уақыт аралығындағы көзқарас»  экспозициясымен танысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.