2023 жылғы 11 қазанда «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «Еркін жел» афишасы» экспозициясының ашылуы өтті.

Экспозицияда И.Дунаевскийдің «Еркін жел» деп аталатын Теміртау музыкалық комедия театрының премьералық спектаклінің афишасы ұсынылған.

ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының басындағы мәдениет Министрлігінің ережелеріне сәйкес, осындай жанрдағы театрды ашу үшін бірқатар талаптарды орындау қажет еді. Сол кездегі Теміртау олардың ешқайсысына сәйкес келмеді.

Соған қарамастан, Қарағанды металлургия комбинатын жұмыс күшімен қамтамасыз етудің маңыздылығын мойындай отырып, театрдың ашылуына рұқсат берілді.

1973 жылы 16 қарашада музыкалық комедия театры бірінші маусымды Исаак Дунаевскийдің «Еркін жел» спектаклінің премьерасымен ашты.

1980 жылы Қарағанды қаласында мамандандырылған ғимарат салынып, музыкалық комедия театры жаңа орынға көшті.

Бүгінде театр Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры деген атпен танымал.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.