IMG 544423 сәуірде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған «Сазды қобдиша» атты іс-шара өткізілді.
Қазақстан халықтарының ассамблеясының 20 жылдығына орай мұражай өз жұмысында әр түрлі формаларды қолдана отырып, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен таныстырды.
Бұл жолы келген қонақтар ұлттық музыкалық аспаптар әлеміне саяхатқа аттанды. Жәй ғана көріп, естіп қоймай, сиқырлы дирижер таяқшасының басқаруымен аспапатарда ойнап, керемет бір әсер алды. Дирижердің сиқырлы таяқшасының көмекшісі рөлін Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқушылары атқарды. Олар халық аспаптарында қалай ойнау керек екенін көрсетіп, үйретті. Қонақтар экспозицияда ұсынылған музыкалық аспаптарды таң қала тамашалады.

Олардың ішінде қызықты және ерекше әсер қалдырған музыкалық аспаптар – понтилық лира, ежелгі дабыл, екі дыбысты чанилка, тайлық фанфлейта, украиндық фуркало. Музыкалық мәдениеттің және этникалық фольклордың үлгісі болып табылатын барлық жоғы 50 бірегей аспаптар ұсынылды.

IMG 5382 IMG 5393

IMG 5420

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.