Еліміздегі металлургтардың бас қаласы саналатын Теміртауда орналасқан бұл музей өзгелерден ерекше. Себебі мұндағы әрбір экспонатты сіз қолымен ұстап көре аласыз. Іргесі 1973 жылы қаланған онда өткеннен сыр шертер қызықты жәдігерлер өте көп. Олардың арасында алғашқы телевизорлар, соғыс жылдарында қаланың әскери іс-қимылдарға қатысқандығын растайтын құжаттар мен 50-жылдардағы теміртаулықтардың тыныс-тіршілігін көруге болады.