2023 жылғы 16 маусымда сағат 12.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде медицина қызметкері күніне арналған «1-ші медициналық жәдігер» экспозициясының ашылуы өтті.

Экспозицияда жоғары санатты хирург, медицина ғылымдарының кандидаты, Теміртау қаласының Құрметті азаматы Сливных Сергей Филипповичтің жұмыс дәптері ұсынылған.

Сергей Филиппович 1927 жылы Қостанай облысы, Успеновка ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Ақмола медициналық училищесіне, ал 1950 жылы Қарағанды медициналық институтына оқуға түседі.

Оқуды бітірген соң Теміртау қаласына жұмысқа жолдама алады.

№4 қалалық аурухананың бас дәрігері және хирургі болып жұмыс істеді, аурухана кейіннен Қарағанды металлургия зауытының медициналық-санитарлық бөлімі атанды. Жұмыс барысында Сергей Филиппович Қазақстандық Магнитка құрылысшыларының көптеген жарақаттарына назар аударды. Бірнеше жыл бойы ол жұмысшылардың еңбек жағдайларын, жарақат алу жағдайларын зерттеді, сонымен қатар медициналық көмек көрсету процестерін жетілдірді. Көпжылдық жұмыстың қорытындысы: медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертацияның жазылуы және Қазақстандық Магнитка құрылысшыларының жарақаттану деңгейінің айтарлықтай төмендеуі болды.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.