2023 жылғы 18 тамызда сағат 12.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде Қазақстандағы Спорт күніне арналған «Эстафеталық таяқша» экспозициясының ашылуы өтті.

Эстафеталық таяқша «Меридиан» қалалық әуесқойлар клубының бірінші жүгіру - эстафетасы кезінде қолданылды.

«Меридиан» клубы 1982 жылы құрылды. Оның алғашқы мүшелері Жолаушылар көлігі кәсіпорнының қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері болды. Олардың артынан медицина қызметкерлері мен жергілікті спортшылар тартылды.

Әуесқой спортшыларының есебінде 40-тан астам жүгіріс, оның ішінде бірнеше марафондар бар. 1983 жылы ұзындығы 1260 км құрайтын «Теміртау – Алматы», ал 1985 жылы - «Теміртау - Павлодар - Семей - Талдықорған – Алматы», ұзындығы 2200 км құрайтын марафондар.

«Меридиан» клубының ең үлкен жетістігі Хорог - Муграб - Ленин шыңы» Альпі лагері - Ош бағыты бойынша «Памир – 89» Бүкілодақтық ғылыми - спорттық марафондық жүгірісіне қатысуы болды, жалпы ұзындығы 844 км. Әлемде мұндай жүгірістің баламасы болған жоқ.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.