2023 жылғы 6 қазанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің 50 жылдығына арналған "Уақыт өткеннен кейінгі көзқарас" зерттеу фотожобасының тұсаукесері өтті.

Зерттеу фотожобасы - Теміртау өлкетану музейі мен "Сплав" Халықтық фотоклубының (жетекшісі-Сергей Кочмарев) бірлесе жасаған жұмысының нәтижесі.

«Уақыт өткеннен кейінгі көзқарас» - бұл Теміртау құрылысының тарихына суреттер арқылы шолу.

Мұнда музейдің Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатында, Теміртау қаласының мемлекеттік мұрағатында, «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік қоғамының фото мұрағатында көп жылғы жұмысының нәтижесінде анықталған 1950-1970 жылдар кезеңіндегі қаламыздың бірегей фотосуреттері ұсынылған.

Теміртаудың өткені мен бүгінін нақты айқындау үшін фотоклуб 2023 жылы ескі кадрлармен ұштастырылып түсірілген қаланың заманауи көріністерін ұсынады.

Көрмеге келушілер Теміртаудың соңғы жарты ғасырда қалай өзгергенін, туған көшелердің қалай салынғанын, қаланың келбеті қалай өзгергенін көре алады. Әрбір фотосурет қысқа мәтіндік түсініктемемен толықтырылған.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.