2022 жылдың 27 шілдесінде сағат 12.00-де Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «Ең ерекше жәдігер» экспозициясының ашылуы өтті.

Теміртау музейінің қорында 20 мыңнан астам жәдігер сақталады. Олардың көпшілігі қандай-да бір жолмен біздің қаламыздың тарихы туралы баяндайды.

Ағаш маска, әйелдің мүсіні және екі қара мүсін сәл оқшаулау тұр.

Маска Африка құдайына арналған. Әйелдің мүсіні дененің ұзартылған пропорцияларымен және пропорционалды емес үлкен басымен назар аударады. Мұндай формаларды Қазақстан шеберлерінен табу мүмкін емес, есесіне африкалық ағаш кесушілер арасында жиі кездеседі. Ерлер мен әйелдердің мүсіндері жасалған материалымен көзді тартады. Эбен немесе қара ағаш – әлемдегі ең құндылардың бірі. Біздің аймақта өте сирек кездеседі

Музейге осындай экзотикалық жәдігерлерді  Теміртау қаласының тұрғыны Фомин Валентин Константинович сыйға тартты. Ол ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында нағыз нигериялық ағаш кесушіден сатып алған. Ал кеңестік металлург Африкаға қалай келді - бұл басқа әңгіме.

ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары КСРО өзінің саяси көзқарастарына байланысты көптеген социалистік елдерге көмектесті: Куба, Румыния, Ауғанстан және бірқатар Африка мемлекеттері.

1973 жылы Кеңес геологтары Нигерияның Аджаокута қаласының маңында темір кенін зерттеді. 5 жылдан кейін Оңтүстік Африканың ірі металлургиялық зауытының құрылысы басталды.

Ол кезде Қарағанды металлургия комбинатының қызметкерлері білікті металлургтердің бірі болды. Олар жас әріптестерімен тәжірибе алмасып, бүкіл Кеңес Одағын аралап шықты. Әрине, Нигериядағы металлургия зауытының ауқымды құрылысына да олар өз үлесін қосты.

Мүмкін, бір қарағанда, ерекше мүсіндердің Теміртау тарихымен байланысы жоқта шығар. Егер  тереңірек үңілсек, осы жәдігерлердің музей қорына келіп түскен жолын зерттесек, онда олар ХХ ғасырдың ең қызықты оқиғалары туралы баяндап, «адамзат бесігі» мәдениетімен - ыстық және ерекше Африкамен таныстыра алады.

Экспозицияның ашылуы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Экспозиция бір ай бойы жұмыс істейді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.