Залдың бірінші бөлімі көшпенді кезеңнен бастап, Ресей губерниясынан алғашқы қоныс аударушылардың келуімен, Самарқанд елді мекенінің қалыптасуының тарихын әңгімелейді. Келесі бөлім «Самарқанд елді мекені сталиндік қуғын – сүргін жылдарында» еліміздің, қаламыздың тарихындағы ең бір үрейлі кезеңді көрсетеді. «Арнайы қонысаударушылардың», кәнпескеленген жандардың, ұлты «нашар» жандардың күшімен болашақ қаланың алғашқы өнеркәсіп объектілері ҚарГРЭС -1, Самарқанд су қоймасы, Нұра өзеніндегі дамба салынды.
«1959ж оқиға- шындық пен қиял», «ХХ ғасырдағы 50-60 шы жж. Заттар әлемі» деп аталатын заттар өзінің ерекшелігімен көзге түседі.