Бұл залдың басты міндеті археологиялық материалдар негізінде адамның дамуын көрсету, оның пайда болуы туралы ғылыми теорияны дәлелдеу. Экспонаттар археологиялық дәуірлерге сай қойылған, өйткені экспозиция негізінде тарихи хронологиялық жалғасу жатыр. Ежелгі адамдардың аңшылық қаруына жататын сүйектен жасалған найза мен тас жебе, қола дәуірінің қыштары, мамонт сүйегінің үзіндісі, өсімдіктермен қоректенетін ежелгі аңдардың тістері қызықты экспонаттар қатарына жатады.
Залда «Жас археолог» атты интерактивтік зона жұмыс істейді. Бұл жерде археологиялық қазбалық жұмыстардың алғашқы тәжірибесін алуға болады. Экспозицияда орналасқан төрт диораманың арқасында ежелгі адамдардың қалай өмір сүргендерін, немен айналысқандарын көруге болады.