2022 жылдың 2 қыркүйегінде «Объективте – отбасы» атты фотокөрме ашылды.

Көрме Қазақстандағы балалар жылы аясында Отбасы күніне орайластырылып, XXI ғасырдағы заманауи қазақстандықтардың мықты және берік отбасыларын көрсетуге арналған.

Көрмені дайындау және өткізу «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» КМҚК-мен бірлесе ұйымдастырылды.

Көрменің ашылуына бір ай қалғанда Теміртау музейі мен Қалалық саябақтың әлеуметтік желілерінде отбасылық фотосуреттерді жинау акциясы іске қосылды. Қатысушылардың өздері фотосуреттердің атауларын ұсынды. Жіберілген фотосуреттерден 33 сурет таңдалды.

2022 жылғы 31 тамызда әлеуметтік желілерде онлайн дауыс беру басталды. Фотосуреті ең көп дауыс жинаған отбасы көрменің ашылуы кезінде Қалалық мәдениет және демалыс саябағынан сыйлық алды.

Сондай-ақ, ашылуда дауыс берудің офлайн кезеңі басталды, ол 14 қыркүйекте көрменің жабылуына дейін жалғасады. Музейге келушілердің бәріне «жүрекше» ұсынылады, олар «жүрекшені» өздеріне ұнаған отбасылық фотосуретке дауыс ретінде береді. Фотосуреттері көп «лайк» жинаған отбасылар Қалалық мәдениет және демалыс саябағынан, сонымен қоса Теміртау музейінен сыйлық алады.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.