Abai 06-08-2015 16 тамызда сағат 11.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Әлем таныған Абай» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шара бірнеше ақпараттық бөлімнен құрылды. Әрбір ақпараттық бөлім интерактивтік интеллектуалды - танымдық тапсырмалармен қорытындыланып отырды.  Бірінші бөлімде іс-шараға  қатысушылар XIX ғасырға экскурс- саяхат жасап, ақынның балалық шағымен, отбасымен танысты.

Екінші бөлім Абайды ұлы ақын, сазгер ретінде көрсетеді. Іс –шараға қатысушылар Абайдың шығармашылығынан өз білімдерін сынап,, әуен бойынша Абайдың өлеңдерінің атауларын тапты.

Үшінші бөлім Абайды қоғам қайраткері және аудармашы ретінде көрсетеді. Қатысушылар Абайдың орыс классиктерінен аударған аудармаларынан үзінділер оқып, олардың орысша нұсқасын анықтады.

  Сонымен қатар қонақтар Абайды  «Қара сөздері» арқылы кемеңгер ойшыл, философ ретінде таныды.  Келесі тапсырма  нақыл сөздердің арасынан Абайдың қара сөзін табу болды.

Іс-шараның соңында қатысушылар  қандай қалалар мен елдерде Абайдың есімі мәңгі сақталғанын білді.

Іс-шараға 5516 әскери бөлімінің жауынгерлері шақырылды. 


Abai 06-08-2015 2 Abai 06-08-2015 3

Abai 06-08-2015 4

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.