2018 жылдың 22 наурызында Теміртау тарихи-өлкетану музейі қалалық Наурыз мерекесіне қатысты. 

Күн бойы қалалық саябақтың орталық алаңында "Қазақстан халқы Ассамблеясы" көшпелі экспозициясы жұмыс істеді. Ол сегіз арқан киіз үйде орналасты, бірнеше бөлімнен тұрды. Әр бөлім түрлі халықтардың Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі туралы ақпарат блоктарымен сүйемелденді.

Экспозицияның негізгі бөлігін өзбек, орыс, грек, неміс, поляк, украин сияқты түрлі диаспоралардың ұлттық киімдері көрсетті. Қазақ халқыныі әйел және ерлер киімі  - экспозицияның орталығы болды. Бөлімдерде қандай да бір диаспораға тән эспозициялық заттар қатары - музыкалық аспаптар, үй заттары, сәндік-қолданбалы бұйымдар, мата, керамикалық бұйымдар ұсынылды.

Киіз үйдің орталық бөлігінде қазақ халқының салт - дәстүрін көрсететін жәдігерлер – бүркіт тұлыбы, ер-тоқым, қымыз ішуге арналған жинақ, күбі қойылды.

"Киіп көр" интерактивті аймағы көптеген келушілерді өзіне тартты. Онда әрбір адам қазақ жігітінің, сәукеледегі қазақ қалыңдығының және кимешек киген әженің, орыс және украиндық сұлулардың бейнесін киіп, естелік суретке түсіре алды.

Экспозицияға келген қонақтарға, музей қызметкерлері дайындаған, 1000-ға жуық қағаз қызғалдақ сыйға ұсынылды. Бірінші қонағымыз Теміртау қаласының Әкімі Ғалым Әшімов болды. Ол қала басшылығымен бірге ұсынылған материалмен танысып, ғылыми қызметкерлермен әңгімелесті. Осы күні музей экспозициясына 5 мыңға жуық адам келді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн