• «Арт- Сапар» Қазақстандық жас суретшілер көрмесі - 6 ақпан.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 6 ақпанда сағат 12.00 –де Теміртаулық мұражайда Қазақстандық жас суретшілердің көрмесі «Art - Sapar» ашылады. «Art –Sapar» бұл Қазақстандағы ең бірінші көркемдік көшпелі көрмелердің жобасы. Мақсаты: көрермендерді қазақша мәнердегі виртуалдық бейнелер мен оның мағынасымен таныстыру. 100-ден астам живопись, мүсін, графика, басқа да дәстүрлі тәсілдегі көркем өнер шығармаларын көруге болады. Көрмеге қатысушылар жас кәсіби суретшілер, Қазақстан суретшілері Одағының мүшелері. Бұл көрме Қазақстанның көптеген қалаларында – Павлодарда, Семейде, Ақтөбеде, Атырауда, Костанайда, Қарағандыда болып қайтты. Көрменің ашылу кезінде Аубакир Анардың орындауында живописьтен арт-сейшн өтеді.

• «Мемлекет қолдауымен» Президент Жолдауында аталған кіші орта бизнеске қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасы аясында Теміртау қаласының кіші орта бизнес және мен іскерлер қоғамының өкілдерінің қатысуымен брифинг – 9 ақпан.

9 ақпанда Теміртау мұражайында «Мемлекет қолдауымен» атты іс-шара өткізіледі. Мақсаты: Жаңа экономикалық саясаттың және мемлекеттік бағдарламаның Теміртау қаласындағы кіші және орта бизнеске қолдау көрсетуі бойынша жасалып жатқан жұмыспен таныстыру. Іс-шараға Теміртау қаласының кіші және орта бизнес өкілдері, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің өкілдері, оқушылар қатысады. Экспозицияда «Бизнес 2020 Жол картасы» бағдарламасына қатысқан мекемелер туралы және Теміртау әкімшілігі бекіткен «Дара тұлға» алтын белгісінің иегері атанған кәсіпкерлер туралы деректер ұсынылады.

• Теміртаулық суретші Мустафина Хайнисаның 60 жылдық мерей тойына арнайы «Арман сызықтары» атты жеке көрмесі – 19 февраля.

19 ақпанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында теміртаулық суретші Мустафина Хайнисаның 60 жылдық мерей тойына арнайы «Арман сызықтары» атты жеке көрмесі ашылады. Хайниса Рахимжановна көп жыл бойы тарихи-өлкетану мұражайында бас суретші болып қызмет етеді. Бұл суретшінің алғашқы көрмесі болмақ. Көрмеде графика, портрет жанрындағы суреттері ұсынылады. Сонымен қатар, мұражайлық және қалалық экспозицияларға жасалған эскиздері көрменің бір бөлігін құрайды. Барлығы отыз шақты суреттер көрмеден орын алады.

• Теміртаулық суретші Марденова Ақлиманың «Дала рухы» атты жеке көрмесі- 24 ақпан.

24 ақпанда сағат 16.00-де Теміртау мұражайында кәсіби суретші Марденова Ақлиманың «Дала рухы» атты жеке көрмесі ашылады. Ақлима майлы бояумен жазылған өзінің шығармашылығын ұсынады. Суретшінің шығармашылдық ерекшелігі: көрерменге туған жердің сұлулығын, халқының салт-дәстүрін, кешегі күні мен жарқын болашығын бояу өрнектері арқылы жеткізеді. Ал басқа суретшілерден айырмашылығы Ақлима суретті кілем жасаудың қас шебері. 10 жыл бойы ұлттық нақышта көз майын тамызып жасаған суретті кілемдерінің біразы ЭКСПО-2017 көрмесіне аттанбақ. Барлық жоғы көрмеде 30 шақты суреттер көре аласыздар.

• «Толеранттық академиясы» этно – фестиваль - 26 ақпан.

26 ақпанда сағат 12.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Толеранттық академиясы» этно – фестивалі өтеді. Бұл фестиваль теміртаулық қазақ, неміс, кәріс, поляк, грек, ұлттық мәдени орталықтары, сонымен қатар, өлкенің казактар Одағы мен «Дуслык» татар фольклорлық ансамблі, «Берегиня» орыс әндерінің ансамблінің қатысуымен өтеді. Іс-шараға қатысушы оқушылар мен қонақтар ұлттық әдет-ғұрып пен салт дәстүрлермен танысып, фольклорлық әндер естіп, ұлттық тағамдардан дәм татады.

• Қазақстанның мәдени мұрасы, «Жанды байланыс» атты суретші Марденова Ақлиманың шеберлік сыныбы - 28 ақпан.

28 ақпанда 15.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында «Жанды байланыс» атты іс-шара өткізіледі. Бұл іс-шарада Теміртаулық суретші Марденова Ақлима суретті кілем тоқудан өз шеберлігімен бөліседі. Гобелен техникасында Ақлима он жылдан астам сурет салып келеді. Бұл өте қиын, төзімділік пен шығармашылықты талап ететін қол өнер түрі. Бір суретті кілем тоқып шығу үшін суретші жарты жылға дейін бас көтермей, тоқудың түрлі тәсілдерін қолдана отырып, жұмыс істейді. Ақлиманың суреттері ашық түсті бояумен, ұлттық нақышта жасалады. Өзінің тәжірибесімен, шығармашылық қиындықтармен шебер суретші Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқушыларымен бөліседі.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.